|
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Жітіқара ауданы білім бөлімінің Тоқтаров негізгі орта мектебі» КММ
КГУ «Тохтаровская основная средняя школа отдела образования Житикаринского района» Управления образования акимата Костанайской области |
|
|---|
|
3
Мамыр
2025
|
Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Қазақстаннан жүздеген прокурор майданға өз еркімен аттанды. Олар жаумен шайқаста нағыз батырлықтың үлгісін көрсетті. Алайда прокуратура қызметкерлерінің жеңіске қосқан үлесі, олардың тылдағы қажырлы еңбегі туралы екінің бірі біле бермейді. Сол себепті көпшілікке беймәлім тарихи тақырыпты қозғауды жөн көрдік.
Соғыс жылдарында прокурорлар да Отан қорғау жолында жан аямай шайқасты. Қаһарман прокурорлар арасында Кеңес Одағының батырлары бар. Атап айтсақ, олар – Нұркен Әбдіров, Мұса Баймұханов, Садық Әбдіжаппаров және халқымыздың мақтанышы, қолбасшы Бауыржан Момышұлы.







