Мектептің тәрбие жүйесінде білім алушылардың рухани-адамгершілік,
азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің
іске асырылуын қамтамасыз ететін сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі
нысандарын ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды. Сабақтан
тыс қызмет шеңберінде мынадай жобалар іске асырылуы мүмкін:
1) «Отбасы-орта мектеп»,
2) «Оқуға құштар мектеп»,
3) «Еңбек – елдің мұраты»,
4) «Ерте жастан экологиялық мәдениет»,
5) «Қоғамға қызмет»,
6) «Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін
ұйымдастыру»,
Осы жобаларды іске асыру білім алушылардың тәрбиелік, өмірлік
кеңістігінің әлеуетін кеңейтуге, жеке тұлғаның өзекті қажеттіліктері мен
қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді. Жобаларды білім беру ұйымы білім
алушылардың отбасыларымен, басқа да әлеуметтендіру нысандарымен – білім
беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тұрақты өзара іс-қимылда және
тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады.